Ауданда мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде

Ауданда мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде
фото: informburo.kz
(0 Votes)

 «Азаматтарды 2025 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды  ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы» Мақат ауданы әкімдігінің  2025  жылғы 25 ақпандағы №55 қаулысына  сәйкес, Мақат ауданының қорғаныс істері  жөніндегі  бөлімінің әскерге  шақыру учаскесінде  2025 жылғы көктемгі  мерзімді  әскери қызметке  шақыру жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылғы   мамыр айының 22 жұлдызымен маусым  айының                                 28 жұлдызы аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарына сәйкес, төмендегідей жүктеме наряды берілген.

Астана қаласына – 2 адам
Жинақтау күні: 23 мамыр
Жөнелту күні: 27 мамыр 2025 жыл

Алматы қаласына – 2 адам
Жинақтау күні: 28 мамыр
Жөнелту күні: 30 мамыр 2025 жыл

Қарағанды қаласына – 2 адам
Жинақтау күні: 31 мамыр
Жөнелту күні: 3 маусым 2025 жыл

Ақтау қаласына – 2 адам
Жинақтау күні: 4 маусым
Жөнелту күні: 7 маусым 2025 жыл

Ақтөбе қаласына – 2 адам
Жинақтау күні: 8 маусым
Жөнелту күні: 11 маусым 2025 жыл

Тараз қаласына – 2 адам
Жинақтау күні: 12 маусым
Жөнелту күні: 16 маусым 2025 жыл

Орал қаласына – 2 адам
Жинақтау күні: 17 маусым
Жөнелту күні: 20 маусым 2025 жыл

Жаңаөзен қаласына – 1 адам
Жинақтау күні: 21 маусым
Жөнелту күні: 24 маусым 2025 жыл

Жаңаөзен қаласына – 1 адам
Жинақтау күні: 25 маусым
Жөнелту күні: 28 маусым 2025 жыл

Қазақстан Республикасын қорғау- оның әрбір азаматының  қасиетті  парызы  және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіппен түрлер  бойынша әскери  қызмет  атқарады.

Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар  жергілікті әскери басқару органының  шақыру қағазы бойынша  әскерге шақыру комиссиясына  келуге міндетті.Сондықтан ауданымыздың әрбір  саналы азаматтарын  заңда көрсетілген  тәртіптер мен   міндеттерді  орындауға  шақырамыз.

 

Б.Жанысбеков,

Мақат ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының МУА, майор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT