Экстремизм мен терроризм – ғасыр індеті

Экстремизм мен терроризм – ғасыр індеті
(0 Votes)

Жақында жастар ресурстық орталығында Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен семинар өтті.

Семинар аудандағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін ақпараттық түсіндірме тобы мамандарының біліктілігін арттыру, олардың ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білімін жетілдіру және діни экстремизмнің алдын алу бойынша тәжірибесін нығайтуды қамтыды.

Семинарда Атырау облысы Дін істері басқармасының ақпараттық талдау орталығының маманы Исатай Ғизатов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, психология және педогогика кафедрасының аға оқытушысы, педогогика ғылымдарының магистрі Нұргүл Қарабаева және «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Думан Күмісбек түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш шарада терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша интернет желілерінде нақты кім екені белгісіз, негізсіз уағыз айтушылар мен таратушылардан сақтану жолдарын талдады.

Сондай-ақ азаматтық ұстанымды қалыптастыратын, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі және деструктивті жалған діни ағымдардың зияндылығы туралы мәселелер қозғалды.

Теолог мамандары радикалды идеологияны насихаттайтын топтардың әлеуметтік желілердегі белсенділігі, олардың қолданатын психологиялық әдістер мен ақпараттық манипуляция тетіктері туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.

Ал қатысушылар әлеуметтік желілердегі күмәнді контентті ажырату, деструктивті топтардың ықпалын анықтау және оларға қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша әдіс-тәсілдерді меңгерді.

Әрі қарай дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері аудандық ауруханаға барып, мемлекеттің зайырлық қағидаттары, деструктивті діни ағымдардың қауіптілігінің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Одан өзге, аудан тұрғындары арасында да аталған тақырыпта дәстүрлі емес діни бағыттағы топтардан сақтану бойынша мәліметтер беріп, Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысымен дайындалған жадынамалар таратты.

                                                                                                                Г.Жұбанышқалиева

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT