Мақат ауданында белгілі адвокат Абзал Құспан бастаған заңгерлер тобы жергілікті халықты қабылдады

(0 Votes)

Басына түскен қиын жағдайды айта келген жеке шаруа қожалығы иесі Балтагүл Едігееваның айтуынша 2017 жылы оның 30 бас ұсақ малы ұрланған.

- Шаруа қожалығының қарамағындағы малдарым ұрланып кетті. Содан кейін полицияның араласуымен күдікті анықталды, бірақ ұсталған жоқ. Одан кейін, 2020 жылы жалғыз бас сиырым ұрланды, үйіме ұры түсіп, материалдық шығын келтірді. Маған келтірілген шығынды кім өндіріп береді? Әлі күнге дейін тиісті органдардан мардымды жауап алғаным жоқ, – деді Балтагүл Едігеева. 

15c8ac47-1c1b-45e0-80c2-a6a42f992422

Өз кезегінде Абзал Құспан бұл мәселені тереңірек зерттеп, толық сараптауды қажет ететіндігін атап көрсетті. Одан бөлек, аудан прокурорының орынбасарына әр факті бойынша заң мен нормаларға сәйкес нақты жауап беруді ұсынды. 

Сондай-ақ, заңгерлердің қабылдауына тұрғындар ұжымдық арыз-шағыммен де келді. 

Бұл тұрғындардың жағдайлары да ұқсас, сұрақтары да бірдей – жалдамалы пәтерлерін жекешелендіру туралы. Айтуларынша пәтерлерді ескірген үйлерінің орнына алған. 

fb6bd76c-6762-4d19-9506-d48958c0c442

Бірақ жаңа пәтердің кемшіліктері мен ақаулары көп. Баспананы меншікке алмай тұрғындар ол жерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге бейілді емес. 

Басқа бір тұрғынның айтуынша, қазір тозығы жеткен үйлерде басқа адамдар тұрып жатқан көрінеді. Сот шешімімен мүлікке иелік ету құқынан айырылған. 

Заңгерлер мұндай мәселе өзге де аудандарға тән екенін бірден ескертті. Айтуларынша, бұл жергілікті жерде шешілетін мәселе емес. 

- Кезең-кезеңімен, алдымен облыс әкімінің деңгейінде шешіп көруге тырысайық. Егер ол деңгейде де шешілмесе, онда әрі қарай барамыз. Бұл сұрақ ҚР Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың құзіретіне жеткізілетін болады, – деді Абзал Құспан. 

9e3e7bc2-eceb-40a6-ab64-d08959f244b6

Аудандарда болған қабылдаулар кезінде тағы бір байқалған мәселе көпшілік жағдайда әкімшілік және азаматтық істерді жүзеге асыру барысында кемшіліктер бар. Бұл жерде жеке сот орындаушыларының немқұрайлылығынан, әрекетсіздігі мен өз құзыретін асыра пайдалануын айта кету керек. 

Бұл жағдайға байланысты адвокат Абзал Құспан өз пікірін білдірді: 

0a496e7d-bc51-4865-8581-941813bcaa21

«Қазір жеке сот орындаушыларының салғырттығынан қарапайым тұрғындар зардап шегуде. Бұл жерде алимент төлеуден жалтаратын азаматтардың да кесірі тиеді. Мұндай әлеуметтік мәселелер үкіметтің құзіретіне жету керек деп есептеймін. Егер қажет болған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. Бұл шешімі кезек күттірмейтін мәселе. Егер жеке сот орындаушысы қандай ма болмасын істі соңына дейін жеткізе алмайтын болса, оны лицензияснан айыруға дейін жауапкершілік қарастыру керек. Белгілі бір ерекшеліктері бар және бірегей істердің тізімін шығарып, оларды басымдықтарына қарай мемлекеттік сот орындаушыларының құзіретіне беру керек». 

4b9bf1aa-afb1-4a7c-b5fb-7f221a0da94f

Қарапайым тұрғындардан бөлек заңгер көмегіне жүгіне келген мемлекеттік қызметші де болды. 

Жаннат Жұмағалиева аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы ретінде қызмет етіп жүргенде үстінен әкімшілік іс қозғалыпты. 

Айтуынша, ол мемлекеттік қызметте жүрген 20 жыл ішінде бір де бір ескерту алып көрмеген екен. 

- Аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының жетекшісі табыс туралы декларациясын уақытында тапсырмағаны үшін мен жауапкершілікке тартылдым. Үстімнен сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша іс қозғалды. Бұл бап сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғанымен, менің іс-әрекетімде жемқорлық белгілері бар деп есептемеймін, – деп ашынады Жаннат Жұмағалиева. 

Абзал Құспан осыған ұқсас жағдай көршілес Батыс Қазақстан облысында да болғанын айтты. 

- Сіздің жағдайыңызды толық түсініп отырмын. Менің ойымша бұл іс басқа бапқа ауыстырылып, апелляциялық сотта қайта қаралуы керек. Жеке басым сот шешімін заңсыз деп санаймын, – деді адвокат. 

d3866aae-3a9f-4c07-89d9-a383e34c3fe4

Жалпы Мақат ауданындағы қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік жағдайға наразы екендіктерін байқатты. 

Бір күндік кездесуде, заңгерлер қабылдауына 12 адам келді.

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT