Бүгін, 12 қаңтар күні Х.Санбаев атындағы орта мектепте аудандық білім бөлімі жанындағы әкелер қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Алмагүл Кеуелова, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектептердің Әкелер кеңесінің төрағалары және олардың мүшелері қатысып, аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру ұйымдары бойынша әдіскері Дулат Тастаев төрағалық етті.
Ол алдымен бөлім басшысы Айбол Темірбайұлына сөз кезегін берді. Содан кейін М.Баймұханов атындағы орта мектебінің әкелер кеңесінің әрі әкелер қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Қайыров 2022 жылғы атқарылған жылдық есебін баяндады. Дулат Ғалымжанұлы барлық оқу орындарынан келген өкілдерді таныстырып өткеннен соң олар өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында көпшіліктің ұсынысы бойынша Мұрат Қайыров әкелер қоғамдық кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды. Кеңес белсенділерінің ендігі мақсаты әр мектепте көшпелі отырыс өткізіп, атқаратын шаралар бойынша жылдық жоспарды бекіту.
А.ЕСЖАН