Мен Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Тогаева Гаухар Тулегеновна «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13–тармағының 4 тармақшасына және 148 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше комиссия режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 26 наурыздағы №6 шешіміне, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29 наурыз 2020 жылғы №8 «Атырау облысының аумағында қосымша шектеу іс –шараларын, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысын, басшылыққа алып, «Мақат аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ-нің №76-1915- 07 ережесіне сәйкес және Атырау қаласында коронавирус инфекциясынан қолайсыз эпидемиологиялық ахуалдың қалыптасуына, сондай–ақ коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2020 жылғы 11 сәуір сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 30 сәуір 07.00-ге дейін Мақат ауданы аумағында келесі шектеулер шаралары енгізілсін:
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтау, сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында (бұдан әрі COVID-19):
1) сағат 21.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары, жедел және шұғыл медициналық көмек, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және төтенше жағдайлар, байланыс және телекоммуникация қызметкерлерін қоспағанда, Мақат ауданы азаматтары мен көлік құралдарының қозғалысына және үйлерінен шығуға тыйым салынады.
Мыналарды қоспағанда:
-Азық-түлік, қажетті заттар, дәрі –дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу(автокөлік салонында адамдар саны 2-ден аспауы және кәмелет жасқа толмағандардың болмауы қажет);
-Жұмысқа бару;
-Медициналық көмекке жүгіну (автокөлік салонында адамдар саны 2-ден аспауы қажет. Кәмелет жасқа толмағандарды міндетті түрде 1 ересек адамның сүйемелдеуі);
Дегенмен, стратегиялық өндіріс обьектілеріне, байланыс құралдарын қамтамасыз ететін-телекоммуникация жұмысшыларына (ресми мәліметі көрсетілген анықтама және жұмыс орнынан анықтама ұсынған кезде) рұқсат етілмеген адамдарсыз және отбасы мүшелерінсіз жүруге рұқсат етіледі.
2) Кент аралық, кент ішілік ресми жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктерді (маршруттар) қоспағанда, аудандар арасында ресми және бейресми (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалына, сондай-ақ ауыл арасында ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылармен мен жолаушылар тасымалына тиым салынады.
3) Аудан бойынша супермаркет, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай бекеттеріндегі сауда нүктелері, дәріханалар және қажетті тауарларды сату жұмысы кешкі сағат 20.00-ден таңғы сағат 09:00-ге дейін тоқтатылсын, оның ішінде дәріханаларға «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидаты бойынша рұқсат берілсін;
4) темір жолдағы жолаушылар қатынасы тоқтатылсын, басқа жерде жұмыс жасайтын қызметкерлерге мекеме басшылары төтенше жағдайға байланысты заңдылықтардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
5) 18 жасқа дейін және 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын.
6) тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде бетперде тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолды өңдеуге арналған антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;
7) балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 50 метрден аспайтын және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын радиуста жүзеге асырсын;
8) азық-түлікке жатпайтын сауда орындарының жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік бөлшек сататын салондарының, гүл павильондарының, фотоателье, фотосалондардың, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік агенттіктердің, көлік жуу орындарының, техникалық қызмет көрсету станциялары,моншалар, сауналар, спорт кешендері,сұлулық салондары, массаж кабинеттері,тырнақ шеберханалары, шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдары, көрмелер осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары қызметі тоқтатылсын.
9) мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар басқа да қоғамдық тамақтану обьектілер жұмысына 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидасы бойынша рұқсат берілсін. Салтанатты шағын отбасылық мереке, шағын туған күн кештерін тойлау үшін тойхана иелеріне тұрғындардан тапсырыстар қабылдауға тыйым салынсын;
10) төтенше жағдай кезінде күндізгі және түңгі уақытта салтанатты отбасылық мерекелерді (туған күн, үйлену тойлары, келін түсіру, құдалық және т.б. 3 адамнан артық қонақтар жиналған кезде) өткізуге тыйым салынсын;
11) меншік түріне қарамастан мектепке дейін білім беретін мекемелердің қызметі тоқтатылсын.
12) екінші деңгейлік банк филиалдары, пошта байланыс қызметі және жеке нотариустар жұмыс уақыты 09.00-ден 17.00-ге дейін кезекпен қабылдауды ұйымдастыру кезінде банкоматтар мен кассаларда және сату – сатып алу алаңдарында 3 адамды ғана обьектіге кіргізуге және кезекке тұрған кезде 2 метр әлеуметтік дистанциялық ара қашықтықты сақтауды және санитариялық – дезинфекциялық шаралардың өткізілуін қамтамасыз етсін;
2. Ауылдық округ, кент әкімдеріне:
1) халықтың жаппай жиналатын орындарын, оның ішінде жаяу серуендеуге жиі баратын орындарды (көшелерді) саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, балалардың ойын алаңдарын және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жабылуын қамтамасыз етсін;
2) ауыл арасындағы жолаушы тасымалдаушы көліктер жұмысын таңғы сағат 06.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін шектесін;
3)меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдарға жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;
4) қоғамдық жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтарды,скверлерді, алаңдарды,аула алаңдарын, ірі сауда орындарын, темір жол және автотұрақтарға іргелес аумақтарды, базарлар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеу күшейтілсін;
5) кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында шектеу іс-шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін;
6) тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген карантиндік және шектеу шараларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
7) жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеулер туралы жадынамаларды баршаға көрінетіндей хабарлама тақталарына, LED экрандарына және басқа да осыған ұқсас жерлерге орналастырсын;
8) кіре берістерде, тұрақтарда профилактикалық дезинфекция және ылғалды тазалауды күніне кеміне 2 рет жүргізілуін қамтамасыз етсін;
3.Аудандық полиция бөлімі бастығына:
1) карантиндік және шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде, өз құзыреті шегінде және Қазақсатан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, алаңдарда болуына жол бермеу мақсатында оларды күзету жөніндегі шаралар күшейтілсін;
3) отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата – анасының сүйемелдеуінсіз көшеде жүруіне тосқауыл қоюға;
4) сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақсатан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтатады;
5) азаматтардың көше бойымен жүруі құқығынсыз үйдегі карантиндік режимін сақтауын бақылау;
6) «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 09.04.2020 жылғы №32 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
7) аудандық жедел штабтың тиісті мүшелерімен бірлесіп, рейдтік шаралар ұйымдастырсын. Кент ішінде әрбір секторға қызметкерлерді бөліп қадағалауды күшейтсін.
4. Аудандық орталық аурухана басшысына:
1) стационарға жатқызылған және берілістерді қабылдайтын науқастарға баруға тыйым салуға;
2) медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеуді;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға қарсы режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;
4) медициналық персоналдардың іс-әрекеттерін қарау, тасымалдау, ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу, емдеу және науқастарды күтуге байланысты персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш құралдарымен тиісті деңгейде қамтамасыз етсін;
5) карантиндік стационарда 4) тармақшадағы шараларды сақталуын қамтамасыз етеді;
6) қашықтықтан қызмет көрсету форматында алғашқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарының дәрігерлерді қабылдауын, сондай-ақ онлайн режимінде немесе рецептерді үйіне жеткізу қамтамасыз етілсін;
7) «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
5. Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтануды сату обьектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субьектілері, үкіметтік емес ұйымдар:
1) әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізу;
2) ғимараттардағы жабдықтау мен желдеткіштің жұмысын тексеру және тазалау;
3) жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриялық және тыныс алу органдарының аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз етсін;
4) сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен, әр 3 сағат сайын ауыстырып тұратын қорғаныш бетперделермен, резинке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
5) келушілерді нысандарға тек медициналық бетпердемен кіргізуге рұқсат берсін. Бетпердесіз келген тұтынушыны бетпердемен қамтамасыз етсін;
6) дүкендерде, супермаркеттерде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету,кезектер жасау кезінде нысандарды үй жайларына өткізу қабілетін ескере отырып, кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз етсін;
7) кассаға дейінгі 2 метр сыртына қосымша қоршаулар орнатылсын;
8) кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, азық-түлік дүкендеріне кірер алында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақта жасалсын;
9) шаруашылық субьектілеріне азық – түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастыру мен тауарларды ғаламтор арқылы сату үшін интернет-ресурстарды барынша пайдалануды ұсыну;
6. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімі басшыларына, округ, кент әкімдерімен бірлесіп:
1) коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша аудан аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әлеуметтік желілер арқылы таратуды қамтамасыз етсін.
7. Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысына, қонақ үйлердің, жатақханалардың иелеріне:
1) қоғамдық орындарда, балалар және спорт алаңдарында аулалардың рекреакциялық аймақтарында санитариялық–дезинфекциялық режимін күшейту;
2) адамдардың жиналуын болдырмау және олардың арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
3) қонақ үйлердің жанындағы қоғамдық тамақтану пункттері тамақтандыру жұмысын нөмірлерге жеткізу қағидатымен ұйымдастырсын.
8. Ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына, Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысына(электрмен, жылумен,сумен жабдықтау және басқалар) округ, кент әкімдеріне:
1) төтенше жағдайды ескере отырып, аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс шараларды күшейтсін;
2) су құбырымен кәріз желілеріндегі апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз етсін;
3) қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (қорғаныш бетперделермен,қорғаныш көзілдіріктермен және резинке қолғаптармен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым-қатынасын болдырмасын;
4) жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялық режимді күшейтсін;
5) негізгі технологиялық процесске байланысты емес қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс нысанасына ауыстырсын.
9. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кәсіпкерлік субьектілерінің үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына тыйым салу:
1) мәдени–бұқаралық, спорттық, діни және басқа да мерекелік іс-шаралар өткізуге;
2) ұйымдарымен кәсіпорындар қызметкерлерінің ауданнан тыс жерлерге баруға;
3) халық арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша үй карантинін сақтауға және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы қарау қажеттілігіне баса назар аудара отырып, санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту:
10. Мақат аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы:
1) карантиндегі стацинонарлар мен обьектілерде санитариялық дезинфекциялау режимінің сақталуын бақылауды күшейту;
2) бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын обьектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс шаралардың орындалуын бақылау;
3) «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды
11. Жеке және заңды тұлғаларға:
1) «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29.03.2020 жылғы №8 «Атырау облысының ауданы аумағында қосымша шектеу іс –шараларының, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысының орындалуын қамтамасыз етуге.
12. Осы қаулы барлық мүдделі ведмостваларға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін;
13. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті.
14. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
15. Осы ҚАУЛЫ қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Г.Т.Тогаева,
Мақат ауданының
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері