Жүк пойызымен Мақатқа келген

(0 Votes)

Елдегі төтенше жағдай  режимі кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін Мақат кентінің 1993 жылғы тұрғыны Д.Т.-ға 10 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынды.

Д.Т.  осы жылдың сәуір айының 11-і күні Атыраудан жүк пойызының вагонына мініп, Мақат станциясына дейін келген. Сөйтіп, ҚР ƏҚтБК 476 бабы 1 бөлігіне сәйкес заңсыздыққа барған.

Қазіргі  уақытта барлық жолаушылар пойыздары тоқтады.  Осыған байланысты азаматтар жүк пойыздарының тепловоздары мен вагондарына мініп, жол жүруі ықтималдығына  жол бермеу мақсатында Мақат станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен рейдтік шаралар күшейтілуде.

Рейд кезінде анықталған бір ғана оқиға өзге де азаматтарға сабақ болсын дейміз. Теміржол - қауіпті аймақ. Сондықтан, адамдарға арналмаған орындар арқылы қатынау аса қауіпті. Оның үстіне елдегі қалыптасқан карантин жағдайы өрескел бұзылып отыр.

Азаматтардан белгіленген тәртіпті бұзбауын сұраймыз.

М. Көптілеуов,

Мақат станциясындағы желілік  полиция бөлімшесінің бастығының міндетін атқарушы

полиция подполковнигі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT