Мақаттық тұрғындар тал еге бастады...

(0 Votes)

 “Атадан мал қалғанша тал қалсын” деген сөзді бабаларымыз текке айтпаса керек. Бабын келістіріп, тамырын тереңге бір іліктіріп алсаңыз жарықтық өзі-ақ жайқалып өсе береді.

Өткен жолы сенбілікті суретке түсіріп жүріп 80/4-і көпқабатты үйінің тұрғыны ауласының алдына бойлай тал екеннін байқап, тамсана жеткізген едік. Бұндай сәттә топырағы сортаңдау мекенге бір тал егілсе де біз үшін жаңалық болып тұр.

24bfed00-9482-4bc9-82e4-5c1fceea4f4d

Міне, кенттегі көп қабатты тұрғын үйдің тағы бір тұрғыны карантин кезінде қарап қалмай, ауласының артқы бетіне тал отырғызып жатыр. Естеріңізде болса Доссорлық ардагер ұстаз Роза апайымыз да өзінің елді сабырға шақырған үндеуінде, бос уақытымызда тым болмаса тал еге берейік деген болатын.

a9a25a91-32b9-4377-9bb7-6a2c41ab619b

Осылайша алдыңғы буынның ізгі ойлары, кейінгі буынның керемет амалдарымен көрініс тауып жатқаны кім-кімді де сүйсіндермей қоймайтыны анық. Тек тартымды әрекеттер бірер тұрғынмен тоқталып қалмаса дейміз.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT