Мамандар тұрғындармен тікелей эфирде тілдесті

(0 Votes)

Әлемді алаңдатып отырған індетке байланысты елімізде сақтық шаралары күшейтілді.

Ауданымызда да жүйелі жұмыстар қолға алынып, белсенді іске асуда. Халықтың амандығы үшін санитарлық-тазалық, денсаулық сақтау, әлеуметтік-тұрмыстық, құқықтық қолдау шаралары уақтылы жүргізілуде. Осыған орай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Шаңғалаев, аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Г.Едігеева, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Г.Тоғаева, аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Арыстанов аудан әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі (инстаграм, фейсбук) ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы тұрғындармен тілдесті. Тұрғындардың төтенше жағдайға байланысты өз салалары бойынша көптеген сұрақтарына жауап және түсініктеме берді. Онлайн сұрақ-жауап барысында Г.Едігеева кәсіпкерлерді мазалаған өтемақы туралы жауап берді.

«Егер сіз басшылық ететін мекемеде жасайтын қызметкер жұмыстан босап қалса, электронды қолтаңбаңыз арқылы eGov порталына кіріп, өтініш беруге болады». Берілген өтініш қаралып, жауап берілетін қаперге салды. Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан оқу-курстар онлайн түрде оқытылатын болды.
Өз кезегінде А.Арыстанов құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданылатын шараларды айтып өтті. Тұрғындардың «ауыл көшелерінде нешеге дейін жүруге болады, бетперде және перчатка киіп, ауыл арасында өз шаруамызбен жүре беруге бола ма?» деген сұрағына А.Арыстанов кешкі жетіден кейін жаяу жүргіншілер болсын, таксистер, көлік жүргізушілер болсын, тыйым салынған. Тек қана үйден азық-түлік дүкені мен дәріханаға баруға шығып, қалған уақытта негізсіз шығуға болмайтынын ескертті. Сондай-ақ, 65-тен асқан қарт адамдарға мүлдем үйден шықпауға кеңес берді. «Өзге аудандарға жеке көлігімізбен шыға аламыз ба?» деген сұраққа аудан аралық бағытқа қатынас шектелгенін, тек ішаралық қатынас сағат 19:00-ге дейін жүргізілетінін баса айтты. Бүгінгі күні тұрғындарды мазалаған сұрақ азық-түлік бағаларының күрт өсуі. Бұл мәселе төңірегінде де сұрақ қоюшылар табылды. Аудан дүкендеріндегі азық-түлік бағасының негізсіз өсуі турасында сұрақ жолдаған тұрғынға А.Шаңғалаев «аудандағы ірі сауда нүктелеріне күнбе-күн азық-түлік бағаларына мониторинг жасап отырмыз. Халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасын қадағалаудамыз. Ауданда өрескел баға көтеру фактілері тіркелген жоқ. Баға тек белгілі себептерге сәйкес 5-10 пайызға көтерілген. Баға біздің бақылауымызда болады»,- деп жауап қайтарды.

«Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты қандай?» деген сұраққа А.Шаңғалаев уақыт шектелмегенін, дүкендер бұрынғы қалыпты уақытында жұмыс жасап жатырғанын айтты. Дегенмен, дизенфекциялау, санитарлық тазалау жұмыстар күшейтілгенін назарға салып, жалпы ауданда дүкендер 21:00-22:00 аралығында жұмыс жасап жатырғанын жеткізді. «Жабылған дүкендер жеткізу қызметі арқылы жұмысын жалғастыра ала ма?» деген сұраққа қоғамдық тамақтану орындарында таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жеткізіп беру қызметі жүзеге асырылады. Сауда нүктелері бойынша бұл мәселе қарастырылмағанын айтты.

«Дүкендерге рейдке шығасыздар ма?» деген сұраққа Г.Тоғаева «полиция бөлімі қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта дүкенге 5 адамнан артық кіруге болмайды. Маска киген 5 адам кезек-кезек бойынша кезегін күтіп, кіріп шыға алады. Сондай-ақ, дүкенге барған кезде тұрғындар өз араларында 2 метр қашықтық та тұрып, сауда жасауы қажет»,- деп жауап берді. Тікелей эфир барысында тұрғындар осылайша мамандармен кері байланыс жасап, мазалаған сұрақтарына жауап алды. Әкімшілік мамандарының айтуынша, онлайн байланыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521