Атырау қаласына карантин енгізілуіне байланысты Мақат аудандық полиция бөлімі жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен нұсқаулықтарға сүйене отырып рейд жұмыстарын жүргізуде.
Тұрғындардың қауіпсіздігі жіті бақыланып, қатерлі дерттен сақтану шаралары жүйелі түрде жүзеге асуда.
Дүкендерге медициналық маска және қолғаппен кіруі және кезекпен бес адамнан саудаласуы қатаң бақылауда. Сондай-ақ, көшеге шұғыл қажеттілік туындамаса себепсіз жүруді тоқтатып және жергілікті уақыт 19:00-ден кейін мүлдем көшеде жүрмеуін талап ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Көшеде жаяу жүргіншілерге де көлік тізгіндеушілерге де бетперде және қолғаппен сақтануы ескертілуде. Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері мен полиция бөлімі қызметкерлері бірлесіп кент көшелерінде қауіпсіздік шаралары туралы насихат жұмыстарын жүргізуде.
Өз тілшіміз
Сурет: ашық дереккөз