Дайын құжаттарды беру терезесі жұмыс істейді

(0 Votes)

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта алады.

30 наурыздан бастап аудандық ХҚО дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай тереземен жұмыс істеуді бастады. Мұнда тұрғындар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. E-Gov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызметі бар. Ол үшін аудан тұрғындары аудан орталығында орналасқан бөлімге жүгіне алады.

Мамандандырылған ХҚО-да да дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді. Онда автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар  дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады.

Қызмет алушылардың дайын құжаттарын беру жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері тартылған. Олардың барлығы қорғаныс және дезинфекция құралдарымен жабдықталған.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз