«Жақсылық қылсаң, жасыр, Жақсылық көрсең, асыр», - деген қазақта тамаша сөз бар.
Бүгінде «Доссормұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының ұжымы қайырымдылық жа сауды дәстүрге айналдырған. Жақсылық жасауға жанықұмар мұнайшыларымыздың қайырымды істері жастарға үлгі, мақтауға лайық. Себебі, 2019 жыл дан бастап мұнайшылар бір күндік еңбекақысын қайырымдылыққа жұмсап, әлеуметтік жағдайы төмен бес отбасыға баспана сыйлады. Атап айтқанда, 2019 жылы Мақат кентінің тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Гүлбарша Әбденованың от басына «Доссормұнайгаз» МГӨБ ұжымы бірлесе отырып қаражат жинап, кенттен 3 бөлмелі тұрғын үй алып берсе, Доссор кентінің тұрғыны, көп балалы ана Сәнімгүл Қапиеваға Доссор кентінен 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған болатын.
Сондай-ақ, 2021 жылы Астана күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Доссор кентінің тұрғыны, аз қамтылған отбасы Айнұр Әсетованың отбасына баспана бақытын сыйлады. Мұнайшылардың қайырымды істері бұнымен тоқтамай, тұрып жатырған баспанасы апатты , әлеуметтік жағдайы төмен, өзі де, жолдасы да II топтағы мүгедек жан дар Тоты Сәрсембаеваның отбасына Доссор кентінен 3 бөлмелі және 5 жылдан бері үй жалдап келетін, аз қамтылған Гүлім Қабдрешованың отбасына Мақат кентінен 2 бөлмелі пәтер алып берді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің»,- демекші, қазіргі таңда осындай игі істердің жасалуы көңілімізді қуантатыны рас. Себебі, қайырымдылық жасау – ең алдымен адамгершіліктің белгісі. Сондай-ақ, қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Асыл дінімізде мұқтаж жандарға жақсылық жасауға бұйырады. Ауызбіршілігі мол осындай ұжымға халықтың ақ тілегімен қатар, бұл отбасылардың айтар алғыстары да шексіз. Осы тұрғыда, «Доссормұнайгаз» МГӨБ ұжымының арқасында үйлі болған Айнұр Әсетова өз тілегін жеткізген болатын. «Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Алғыс айту күнінде «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымына және ұжым басшысы Серік Әбдиевке өз алғысымды білдіремін. Әлеуметтік жағдайыма байланысты көмек сұрап барғанымда баспана кілтін табыстап, қаржы жағынанда көмектескен болатын. Осындай жаны жомарт жандардың бары қазақ халқының кеңпейілділігінің дәлелі десем қателеспеймін. Алдағы уақытта ұжымның еңбектеріне жеміс, мұнайшылардың отбасыла рына амандық тілеймін. Әрдайым ел алғысын алып жүре берсін»,- деген тілегін жеткізді баспана бақытына ие болған А.Әсетова. Көмекке мұқтаж жандардың қуанышқа кенелуіне септігін тигізіп, алғыс деген ел сыйын алып жүрген «Доссормұнайгаз» мұнайшыларына біздің де айтарымыз - алғыс. Өйткені, ұжымның игі ісі көпке үлгі болу мен қатар, жақсылық жасау – имандылық пен тәрбиеліліктің айқын көрінісі екенінің бірден-бір дәлелі.
Ә.ҚАСЫМ