Халық алғысына бөленіп, көмек қолын созар сәтте тартынып қалуды білмейтін бір топ мейірімді жандар марапатталды. Қайырымы мол жандардың көңіліне медет сыйлаған шара аудандық ауруханада өтті.
Жүрек жылуын аямай, алғысқа бөленгендердің қатарында Мақат аудандық аурухана дәрігері Айнұр Елемесова мен медбике Эльмира Ибраймова, «Шапағат нұры» мүгедектерді қолдау шеберханасы, Доссор кенті тұрғыны және жеке кәсіпкер Гаухар Нұрланқызы, Бәйгетөбе мектеп-балабақша медбикесі Айнагүл Кекілбаевалар бар.
Алғыс хатты Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Ж.Ильясованың атынан, Мақат аудандық Аналар кеңесінің төрайымы К.Алишева табыстады.
МТ