«ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ  АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

(0 Votes)

«Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету.
Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі.
Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. 
Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс». 

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 
Қазақстан Республикасының Президенті


  
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ
 «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ
 ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
 
ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!    
  
Іс-шараның мақсаты: 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – бұл біздің халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, төзімі мен қажырлы еңбегінің жемісі. 2026 жылы біз егемендігіміздің айтулы белесі – 35 жылдық мерейтойын атап өтетін боламыз. Осы ретте, байқаудың мақсаты: тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға дәріптеу, Тәуелсіздік жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, қоғамдық бастамалар мен іс-шараларға белсене атсалысқан, табанды еңбегімен, парасат-пайымымен және азаматтық ұстанымымен ерекшеленген тұлғаларды айқындау және олардың өнегелі өмір жолын республикалық деңгейде кеңінен насихаттау.

Республикалық байқау қатысушылары:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген, өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген тұлғалар.  

Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып, бірге жіберу қажет. Сондай- ақ, жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. 
Құжаттар 2026 жылдың ақпан айының 20-на дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.  электронды почтасына немесе +7 707 410 1324 WhatsApp номеріне қабылданады. 
Байқау қатысушыларына табысталады:
•    «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» төсбелгісі;
•    «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» статуэткасы;
•    Куəлік;  
•    Құрмет грамотасы;  
•    Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат

Байқаудың марапаттау рəсімі  Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және тағы басқа марапаттар табыс етіледі. 
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. 
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы: 
+7 707 410 13 24, +7 747 702 52 62, +7 707 142 7440

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ
Қатысушының тегі, аты-жөні    
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы    
Қызмет орны атауы, лауазымы    
Еңбек өтілі    
Байқау атауы    «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ»
Басшының толық аты-жөні    
Телефон, ұялы, е-mail.ru    
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото    
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT