Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады.
Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы.
Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды.
Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды.
Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз.
Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті
22 НАУРЫЗ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙ
«ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ТІРЕГІ – АДАЛ АЗАМАТ»
БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
22 наурыз Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесіне орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ТІРЕГІ – АДАЛ АЗАМАТ» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты:
Тәуелсіздік жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, қоғамдық бастамалар мен іс-шараларға белсене атсалысқан, табанды еңбегімен, парасат-пайымымен және азаматтық ұстанымымен ерекшеленген тұлғаларды айқындау және олардың өнегелі өмір жолын республикалық деңгейде кеңінен насихаттау.
Республикалық байқау қатысушылары:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар, ұлтжанды, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген азаматтар.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып, бірге жіберу қажет. Сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Құжаттар 2026 жылдың ақпан айының 20-на дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электронды почтасына немесе +7 707 410 1324 WhatsApp номеріне қабылданады. қабылданады.
Байқау қатысушыларына табысталады:
• «ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» төсбелгісі;
• «ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» статуэткасы;
• Куəлік;
• Құрмет грамотасы;
• Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.
Байқаудың марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және тағы басқа марапаттар табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы:
+7 707 410 13 24, +7 747 702 52 62, +7 707 142 7440
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ
Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Қызмет орны атауы, лауазымы
Еңбек өтілі
Байқау атауы «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ТІРЕГІ – АДАЛ АЗАМАТ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері



