«Мұра» бастауыш партия ұйымы «Жүрекпен көретін жандар» атты Доссор кентіндегі Мақат тарихи-өлкетану музейінде зағип жандарға тегін экскурсия ұйымдастырылды.
Жазмыштың жазуымен жанарынан айрылған азаматтар елімізде аз емес. Мақат ауданы бойынша зағип жандардың қоғам бірлестігінде 44 мүше бар.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Халықаралық зағиптар күніне орай, Доссор кентіндегі Мақат тарихи-өлкетану музейінде «Жүрекпен көретін жандар» тақырыбында аудандағы көрмейтін және нашар көретін жандарға санитарлық талапты сақтай отырып, тегін экскурсия ұйымдастырылды.
-Музей – адамды рухани байытатын орын. Сондықтан ол кез келген адамға қолжетімді болуы тиіс.
Экскурсия барысында қонақтарға музей залдары бойынша арнайы экскурсия жүргізіліп, зағип жандарға музей экспонаттарын қолмен ұстап көру мүмкіндігі туғызылды,-дейді Мақат тарихи-өлкетану музейінің басшысы Қ.Айдаралиева.
Е.МЫРЗА