Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетов көпбалалы аналарды қабылдады.
Қабылдау кезінде аудан басшысы ұрпақ санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ардақты аналарға ізгі тілегін жолдап, «Күміс алқа» иегерлеріне төсбелгілерін табыс етті.
«Балаларды тәрбиелеудегі еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Ұл-қыздарыңыз тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосар азамат болуына тілектеспін. Сіздерді бүгінгі марапаттарыңызбен құттықтаймын!» - деді өз сөзінде.
Ә.Қасым