Қоғамдық пікір билік пен халық арасындағы байланыстың басты көрсеткіші болып табылады. Елдің ертеңіне алаңдайтын әрбір азамат үшін бұл маңызды екені сөзсіз.
Осы ретте Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген ауқымды әлеуметтік сауалнама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенімнің әлі де жоғары деңгейде екенін нақты көрсетті.
Айталық, биылғы жылдың шілде-тамыз айларында өткен бұл зерттеуге еліміздің түкпір-түкпірінен 8000 респондент қатысқан. Олардың 82,4 пайызы Президенттің бастамалары мен бағытын қолдайтындарын ашық білдірген.
Ең бастысы жастар арасындағы қолдау деңгейі жоғары. Яғни 18-29 жас аралығындағы азаматтардың 90,3 пайызы Президентке сенім артатынын нақты жеткізген. Бұл ел болашағына деген сенімнің, жаңа буынның айқын белгісі.
Қ.ОМАРОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі