АУДАН ӘКІМІ ДОССОР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ДОССОР КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
(0 Votes)

Бүгін Доссор кентінің әкімдігінде аудан әкімі Азамат Мәмбетов Доссор кентінің тұрғындарын қабылдап, жеке мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым көпшілігі тұрғын үймен қамтамыз ету, тұрғын үй мәселесін жекешелендіру, кентішілік көшелерге жол салу, жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты сұрақтар болды.

Аудан әкімі Азамат Саматұлы тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша жауап беріп, айтылған мәселелер заң аясында кезең-кезеңімен жүзеге асатындығын жеткізді.

Айта кетейік, қабылдауға барлығы 17 тұрғын қатысты.

 

МТ

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT