Келеңсіз жағдайға байланысты әкімдік түсініктеме берді (+видео)

(0 Votes)

Әлеуметтік желі де еліміздің көк байрағымен жабылған құрылыс материалдары көрсетілген бейнеролик таралды. Түсірілім авторы Мемлекеттік рәміз қорланып, жамылғыға айналып отыр деп пікір қалдырған.

Бейнероликтен байқалғандай бұл оқиға Мақат ауданы аумағында орын алып отыр. Осы келеңсіз жәйтке байланысты Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағамбетов нақты жауап берді. Жергілікті билік өкілі көк байрағымыз аяқ асты болмағанын, бейнежазбадағы баннер екенін жеткізді. 

«Әлеуметтік желіде тарап жатырған Қазақстан Республикасының Туы аяқасты болды деген бейнежазба бойынша түсінік бергім келеді. Бұл бейнежазбада Мемлекеттік Тумен құрылыс материалдарын жауып, қорлаған деген түсінік қалыптасып, халықтың наразылығын тудыруда. Алайда автор айтып өткендей бұл Қазақстан Республикасының Туы емес, көк түсті баннер болатын. Бейнежазбада қате пікір айтылған. Бұл көк байрағымыз да емес және оның суреті де емес екенін мәлімдеймін. Бұл мемлекеттік рәміз емес екені де бейнежазбада да анық көрсетілген. Ал, оның баннер екені арнайы құзырлы орган қызметкерлерімен де тексеріліп, қуатталды. Мемлекеттік қызметте ҚР Мемлекеттік рәміздеріне аса мән беріліп, олардың теріс пайдалануына жол берілмейді. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз»,- деді кент әкімі Е.Ермағамбетов.

 

 

«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT