Батыс аймақтық чемпионатқа жолдама

(0 Votes)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Құлсары қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай 2007-2008-2009 және 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өтті.


Аталмыш додаға ауданымыздан 12 спортшы қатысып, 6 алтын, 2 күміс және 2 қола еншіліп қайтты. Атап айтсақ, Әлихан Қанатұлы (33 кг), Бағдат Амандықов (34 кг), Бекзат Сембай (38 кг), Нұрмұхаммед Алдаберген (40 кг), Мирас Мейрамбай (44 кг), Исламбек Беркінғали (52 кг) І орынға ие болды. Ал, Бекнұр Есентай (34 кг), Ерлан Қайырқожа (40 кг) ІІ орын және Самғат Жаулыбай (30 кг), Шыңғыс Асылбекұлы (36 кг) ІІІ орынға лайық өнер көрсетті.


Аудан боксындағы жетістік бұнымен тоқтамақ емес. Атырау қаласында 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен облыстық іріктеу чемпионатында ауданымыздың намысын қорғаған Нұрболат Сембай 57 келі салмақ бойынша алтыннан алқа тақты. Осылайша Нұрболат алдағы болатын Батыс аймақтық чемпионатқа жолдама алды.
«МТ»

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521