Жас оқырманға сый

(0 Votes)

5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлар күніне орай, аудандық Жастар ресурстық орталығына «Атырау Рауан» қайырымдылық қоры арнайы келіп, «Ауылға кітап» жобасы аясында жастарға 50 жаңа кітапты тарту етті.

Бұл шара жастардың оқу мәдениетін дамытуға және олардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған игі бастаманың көрінісі болды.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова сөз сөйлеп, жас буынды оқуға тартудың, кітапханаларды қолдаудың, сондай-ақ оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ «Атырау Рауан» қоғамдық қорының жетекшісі Әди Жоламанұлы өңірдегі жастардың оқу мәдениетін дамыту, олардың рухани және интеллектуалды дамуына үлес қосу – қордың басты мақсаттарының бірі екенін жеткізді.

Шара соңында аудан әкімінің арнайы алғыс хаты Әди Жоламанұлына табысталып, бұндай игі бастамалардың жалғасатына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ботакөз Қасымова өз ризашылығын білдіріп, тарту етілген кітаптарды жастарға жаңа әлемнің есігін ашқан қазына деп бағалады. Айта кету керек, аталмыш акция шеңберінде Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектеп пен Доссор кентіндегі А.Құнанбаев атындағы орта мектепке де кітаптар сыйға тартылды.

Г.Мәмбетқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT