Ерекше балалардың өнер әлемі

(0 Votes)

Бүгін аудандық мәдениет үйінде “Кемел көңіл - кең әлем” атты ерекше балалардың мерекелік концерті өтті.

Аталмыш шарада Мақат аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Мақат ауданының мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығындағы балалар өз өнерлерін көрсетті.

Шара барысында алдымен әсерлі де мағыналы бейне ролик көрермен назарына ұсынылды.

Әрі қарай арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар пародиямен ән айтып, биден шашу шашты.

Сондай-ақ, балалардың салған суреттері мен қолдарынан жасалған бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырылды.

Шара соңында аудан әкімі Азамат Мәмбетов сөз сөйлеп, ерекше балаларға қоғам назарынан тыс қалмайтындығын, оларға жеткізіп, орталық директорына аудан әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етті.

Г.Мәмбетқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT