АУДАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

АУДАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
(0 Votes)

 Бүгін облыс әкімінің қолдауымен және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға сатып алынған 3 дана «Камаз» жүк көлігі мен 2 дана қоқыс шығару техникасы салтанатты түрде табысталды. 

Алғаш болып сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов бұл техникалар жұмыс сапасын арттырып, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалықты жақсартуға зор ықпал ететініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, алдағы уақытта тағы да арнайы техникалар сатып алынатынын жеткізіп, жаңа техника ауданның абаттандыру және тазалық жұмыстарының тиімді әрі уақытылы жүргізілуіне мүмкіндік беретіндігін жеткізді.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT