Қай сайлауда болмасын бірінші дауыс береді

(0 Votes)

Бүгінгі сайлауда А.Құнанбаев атындағы орта мектепте орналасқан №211 сайлау учаскесінде ауыл тұрғыны, Бисенбай Қарылданов алғашқы болып өз дауысын беріп, естелік сыйлыққа ие болды.

Өз учаскесіне жылда алғашқы болып дауыс беретін ол бұл жолы да дәстүрден жаңылмады.

 “Жылдағы дәстүр бойынша биыл да алғашқы дауыс беруші болып тіркелдім. Бүгінгі науқанның маңызы зор. Себебі тұрғындар ел болашағы үшін жаңа Президентті сайлайды. Мен өз таңдауымды жасадым. Көпшіліктің дауысымен сайланған жан елімізді көркейтіп, гүлдендіру үшін күш-жігерін жұмсайды деп сенім білдіремін”,- деді ауыл тазалығына жауапты Б.Қарылданов. 

№211 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Мағзом Иманғалиевтың айтуынша мұнда 1179 сайлаушы бар. Оның ішінде, 15-сі мүмкіндігі шектеулі жан болса, 18-і алғаш рет дауыс бергелі отыр. Сайлау учаскесінде мүгедектердің дауыс беруіне, байқаушыларға толық жағдай жасалған. Осылайша халқымыз еліміздің ертеңін айқындайтын маңызды кезеңге кірісті. 

М.Ізтұрғанова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT