Баталы ер арымас...

(0 Votes)

Көрісу - көнеден келе жатқан дәстүр.

"Амал келді, аман көрдік..." десіп, ұлан-ғайыр ұлы даламыздың батыс аймағы бір-бірімен қол алысып, жаңа жасымен құттықтады. Дүние дүрбелеңге түсіп жатса да, әр адамның көңілінде көктем шуағындай ерекше жылулық бар бұл күні.

img_9116

Қалыптасқан жағдайдан кейін халық жиналып, қазан көтерілмесе де, аудан  әкімі  Шәкір Кейкин жанына ардагерлерді ілестіріп, бір топ ауданның қадірлі қарияларымен көрісіп шықты. Ғибратты ғұмырларын ауданның гүлденуі жолына арнаған ақсақалдар бүгінде бір әулеттің алып бәйтерегі ғана емес, қара орман халқына қадірлі абыз жандары.

img_9161

Сан түрлі саланың тізгінін ұстаған аға буынға айтар алғыстың ретін тапқан аудан әкіміне олардың да берер батасы жоқ емес. Жасы егде тартқан сайын көңілі балаша алып-ұшатын қарияларға бір ауыз жылы сөздің өзі оларды  марқайтып тастауға жетіп жатыр.

img_9181

Амал кезінде ақсақалдармен аман-саулық сұрасып, үй аралап көрісу бұған дейінгі аудан әкімдерінде болмаған үрдіс деседі көзкөргендер. Сапарын Мақат кентінен бастаған Ш.Кейкин, әрі қарай бәйгетөбелік қарттарға көрісіп, кездесудің соңын доссорлық ақсақалдардың шаңырағында аяқтады. Әкімдік атқарар қызметінде қарастырылмаса да, жазылмаған дала заңына һәм қанына сіңген тәрбиеге сүйенген аудан басшысына қариялар дән риза болып, ақ батасын жаудырды. 

img_9106

Төс қағысып көрісуге шыққандар сондай-ақ,  қариялармен  ескі әндерден қайта жаңғырта шырқап жүрген жерлерін думанға бөлеп кетті.

А.САДЫКОВ

Суреттер автордікі
   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT