banner_damu

Баспана сапасы басты назарда

(0 Votes)

Қазіргі таңда аудан бойынша 873 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

 Халықтың тұрғын үйге сұранысын кезең-кезеңмен қанағаттандыру үшін аудан орталығынан НСОС компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобасымен Мақат кентінің шығыс бөлігінде 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы бой көтеруде. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен әлеуметтік нысанның құрлысына демеуші компания 812,9 млн. теңге жоба құнын қарастырып, өткен жылдың қыркүйек айында іргесі қаланып бастаған болатын.

Тұрғындар үшін баспана сапасы маңызды. Осы мақсатта жұмыстың қарқыны мен сапасын қадағалауды назарға алған аудандық мәслихат депутаттарынан құрылған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссия мүшелері үйдің құрылысымен арнайы барып танысты. Әлеуметтік инвестициялық жобаны жүзеге асыру жауапкершілігін қолға алған мердігер мекеме «БатысАльянсСтрой» ЖШС –і мекемесі құрылыс нысанын уақытылы тапсыруды көздеп отыр. Халық қалаулыларын құрылыс жұмысымен таныстарған учаске бастығы Серік Асановтың айтуынша, құрылыс жұмысының 80 пайызы жүзеге асты. Қазір үй құрылысының ішкі әктеу, сырлау жұмыстары және электр жүйелерін орнату жұмыстары аяқтала келеді. Алда кәріз жүйесін жүргізу, мен асфальт төсеу жұмыстары ғана қалып отыр.

Г.САЛИКОВА

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Super User

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика