banner_damu

Балаларға базарлық

(0 Votes)

Аудандық білім беру бөлімінің №7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Баймұханов атындағы орта мектебінде қайырымдылық шырша мерекесін өткізді.

Жаңа жылдық мерекеге аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішов, аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы А.Шаңғалаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Г.Едігеева және кәсіпкерлер мен ата-аналар қатысты. Шырша мерекесіне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішов құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Балалар Аяз ата мен Ақшақар және өзге де жаңа жылдық ертегі кейіпкерлерін ата-аналарымен бірге келіп қызықтады. Құттықтаудан кейін сан алуан кейіпте киінген балалар мен жасөспірімдер қол ұстасып, жасыл шыршаны айналып, ән шырқап, би билеп, түрлі ойындар ойнады.

Әсіресе, Аяз ата мен Ақшақар балғындар жүрегіне жылылық сыйлап, көңілдерін серпілткен тамаша кештің ажарын аша түсті. Балғындарға мерекелік шараны жоғары деңгейде өткізуге жеке кәсіпкерлер «Болашақ» сауда үйінің иесі Саламат Қуанышев, Света Сүлейменова, Саягүл Баукешова, Нұрзила Бисалиева, «Әміржан» дүкенінің иесі Айдос Құбаев демеушілік танытып, үлкен қолдау көрсетті. Сондай-ақ, орталыққа «Айсұлу» жиһаз үйінің иесі Ұлмекен Шапиева балаларға арнайы айна жасатып берді. Осы шарада демеушілер атынан 65 балаға тәттілер мен ойыншықтар берілді.

Сондай-ақ, Света Сүлейменова аз қамтылған отбасының балаларына қысқы куртка табыс етті. Ұйымдастырушылар жеке кәсіпкерлерге «Алғыс хат» табыс етіп, ризашылықтарын білдірді.

Т.АЛМАГҮЛ.

Сурет автордікі.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Super User

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика