Жастар жаңа жоба ұсынды

(0 Votes)

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Apec PetroTechnic Жоғары колледжінде Атырау облыстық «Saraishyq upgrade-2018» жастар форумы өтті.

Өңірімізде жүзеге асуға тиіс жобаларды белсенділермен бірге талқылауды мақсат еткен басқосуға аудан жастары да қатысты. Форум жастарды 3 бағыт (білім, мәдениет, салауатты өмір) бойынша бөліп, ұсыныстар қабылдады. Өңір жастары миға шабуыл жасап, өзгеше әлі жоқ бағытты ойлап тауып, таразыдан өткізе талқылады. Өңірлік жастарға бағыт бағдар беруге республикадан арнайы сарапшы мамандар шақыртылды. Олар елімізде жастарға арналып жүзеге асып жатқан жобаларды таныстырды. Солардың бірі – «Zhas Project» бастамасы. Бұл бастамаға 29 жасқа дейінгі жастар өз жобасын ұсынып, 1 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант жеңіп ала алады. Ал оған ие болу үшін сіздің жобаңыз әлеуметтік маңызы бар, қоғамға оң әсерін тигізетіндей болуы тиіс. Сондай-ақ, жоба авторының құрамы 3 адамнан кем болмауы тиіс. Бұл бастамаға 2019 жылдың ақпан айынан бастап құжаттар қабылданады.Екі күнге созылған форумға 150-ден астам жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, аудандық жастар ресурстық орталық қызметкерлері, белсенді жастар қатысты.

Форум аясында «Спикер №7» зияткерлік конференциясы ұйымдастырылып, бес спикер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Спикер құрамында Нұрлан Утешов, Олжас Сүлейменов, Лунара Рыспаева, Ержан Сәлімгериев, Ернар Сакупов сөз сөйлеп, жастарға мотивациялық бағытта әңгіме өрбітті. Конференция аясында қатысушылар кейбір сауалдарына жауап алды. Жоба қызықты әрі көтеріңкі көңіл-күй әсерінде өтті.

«Білім және кәсіптік бағдар» бағытының менторы Лаура Бағыланқызы, «Мәдениет және шығармашылық» бағытының менторы Құралай Қабылқызы, «Салауатты өмір салты және бос уақытты тиімді пайдалану» бағытының менторы Ақан Қайырғалиев жастармен бірлесе жұмыс жасай отырып, олардың ұсынған жоба, идеяларының үздіктерін Жастар саясаты басқармасының 2019 жылға арналған жоспарына енгізуге ұсынды.

М.СЕРІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521