Балаларға бата берді

(0 Votes)

Аудандық балалар кітапханасында Х. Санбаев атындағы орта мектебінің 2-сынып оқушыларының қатысуымен «Наурызым, құт береке молшылығым» атты ертеңгілік өткізілді.

Ертеңгілікке кітапхана оқырмандары, қызметкерлер атсалысты. «Наурыз – ұлттың мерекесі» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Оқырман залында Ұлыстың ұлы күніне арналған дастархан жайылды. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамының байырғы заманнан келе жатқан «көктемгі жаңару» мерекесі екендігін балаларға түсіндіру мақсатында наурыз мейрамы туралы, оған қатысты салт-дәстүрлер, орындалатын дәстүрлі ойындар көрсетілді.

Оның ішінде: асық ату, күш сынасу, арқан тартыс, «Ақсерек –көксерек», сақина салу, ойындары ойнатып, наурыз көже туралы мәліметтер берілді.

Наурыз туралы әр бала өз ойларын бөлісіп, өлеңдер оқып,ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар балалар әжей шашқан шашудан, наурыз көжеден дәм татты.

Мерекелік ертеңгілікте Қыдыр ата ақ батасымен қорытындылады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521