Баланы мектепке бермей, заң алдында жауапты болды

(0 Votes)

Қазіргі таңда қоғамда діни көзқарас ұстанатын тұлғалардың өз балаларының тәрбиесіне көптеген тосқауылдар қойып келетіні бәрімізге мәлім. Соның бірі, оқушы баланы мектеп қабырғасынан айырып, қоғамдық ортадан алыс, бөлек және жабық аймақта тәрбиелеу, қашықтықта оқыту фактілері ауданымыздың білім беру мекемелерінде кездесіп отыр.

Орын алған жағдайдың салдарын жою және бала құқығын қорғау бойынша аудандық Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары Заң аясында тиісті шаралар қабылдап, оқушының ата-анасы азамат А.Ж. Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 11 785 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот шешімінің талаптарын орындамай, оқушы баланың мектеп қабырғасынан білімін жалғастыруын қамтамасыз етпеген ата-анаға Заң аясында шаралар қабылданып, соңында ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылмақ.

Оқушы А.Х.-ның мектеп қабырғасынан оқуын жалғастыру бойынша аудан әкімдігімен және құзырлы мемлекеттік органдармен қажетті іс-шаралар әлі де жүргізілуде.

Қорытындылай келе, әр діни себептермен бала құқығын, болашағын бұзған ата-ана Заң аясында тәртіпке шақырылатынын ұмытпаған абзал.

Ж.ЖҰМАҒАЛИЕВА,

аудан әкімі аппаратының Азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521