Ауданда жол белгілері орнатылуда

фото: zharar.com
(3 Votes)

Жол белгілері – көше және автомобиль жолдарындағы көліктердің және жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастырудағы маңызды құрал. Сол себепті ауданда тұрғындардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қолайлы жағдай жасау мақсатында жол белгілерін қайта жаңғырту жұмыстыры жүріп жатыр.

Бұл ретте аудан елді-мекендеріне қажетті жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін орнатуға және жаяу жүргіншілер жолағын сызуға мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланған. Нәтижесінде Доссор кентінде жұмыстарды жүргізу үшін «Тау Билдингс» ЖШС-і, ал Мақат кенті мен Бәйгетөбе ауылдық округіне «СемЗем Консалтинг» ЖШС-і жеңімпаз атанған.

Бүгінде мердігерлер жол белгілерін оқушылар көп өтетін орындар мен мектеп жанына және көлік көп жүретін көшелерге орналастыру жұмыстарын жүргізуде. Яғни, «Жаяу жүргінші өткелі», «Балалар», «Жылдамдықты шектеу» және жаяу жүргінші өткелінің екі жағынан жасанды кедергі қойылып, «зебра» көлденең сызбасы сызылуда.

Жалпы Доссор кентінде 32 жол учаскесінде, Мақат кентінде 53 жол учаскесінде жол белгілері қойылып, жаяу жүргіншілер жолағы сызылады. Аталған жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT