Доссор мәдениет үйі қайта жаңғырмақ

(0 Votes)

 «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының аясында Доссор мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтпек.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполовтың айтуынша, жақын арада жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталатын болады. Жоспар бойынша жұмыстар 2025 жылы басталып, жыл аяғына дейін толық аяқталуы тиіс.

Доссор мәдениет үйінің іргетасы 1912 жылы қаланған. Аймақ бойынша қолданыстағы көне ғимараттардың бірі болғандықтан толықтай күрделі жөндеуді қажет етеді. Бірақ мемлекеттің қорғауында тұруына байланысты қосымша жапсаржай салуға рұқсат жоқ. 1117,9 шаршы метр аумақты алып тұрған екі қатарлы мәдениет үйінің 316 көрерменге дейін сыйымдылығы бар.

А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521