Доссорда әкім сайлауы өтеді

фото: www.gov.kz
(0 Votes)

Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен 2023 жылдың 8 қазан күні Доссор кенті әкімінің сайлауы өтеді.

Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы әкімдікке өзін-өзі ұсынған үш үміткерді тіркеген. Олар: Имашев Алмас Ғизатоллаұлы 1977 жылы туған, «Мақат ауданы әкімі аппараты» ММ-ің аудан әкімінің кеңесшісі, Мақат ауданы, Мақат кентінің тұрғыны.

Исполов Нұрлан Теңелбайұлы1988 жылы туған, «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы, Мақат ауданы, Мақат кентінің тұрғыны.

Қосмағамбетов Аслан Елеусінұлы 1983 жылы туған, «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ң Мақат ауданы филиалының бөлім бастығы, Мақат ауданы, Доссор кентінің тұрғыны.

Тұрғындар О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде орналасқан №210, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде орналасқан №211, Доссор мәдениет үйінде орнаалсқан №212, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде орналасқан №213, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінде орналасқан №214 сайлау учаскелерінде дауыс бере алады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT