Бүгін ауданда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік өтті.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен сенбілікке аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, кент, округ әкімдері, ауданға қарасты мекеме басшылары мен қызметкерлер және ерікті жастар қатысты.
Сенбілік жұмыстары кезінде әр ұжым өздеріне бөлінген аумақтарды қоқыстардан тазартты.
Сондай-ақ, “Тазалық көгал” мекемесінің 5 техникасы жұмылдырылып, нәтижесінде 65 тонна қоқыс шығарылды.
Г.Жұбанышқалиева