Атап айтқанда, Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округінен экологиялық акцияға 210 адам, 2 техника жұмылдырылып, округ бойынша 1250 жасыл желек отырғызылды. Сонымен қатар, 3,9 га жер аумағы тазаланып, 53 тонна қоқыс шығарылды. Ал, Доссор кенті бойынша экологиялық акцияға 1017 адам, 8 техника жұмылдырылып, 11 гектар жер аумағы тазаланды. Кент бойынша 302 тонна қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, 2008 жасыл желек отырғызылып, 2 баннер орнатылды. Мақат кентіне келер болсақ, аталмыш акцияға 1091 кент тұрғындары мен аудан еріктілері ат салысып, 12 га жер аумағы тазаланды. Нәтижесінде 54 тонна қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» акциясы бойынша 3 баннер орнатылып, кент аумағына 630 жасыл желек отырғызылды. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарына 5 техника жұмылдырылды. Аталған акция бойынша тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары кеңінен ұйымдастырылды.