Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетов қоғамдық кеңес мүшелерін қабылдады.
Оған аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Жиында аудан әкімі Азамат Саматұлы бұрынғы қоғамдық кеңес мүшелеріне алғысын айтып, жаңадан бекітілген кеңес мүшелерін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен қатар, үш жыл мерзімде кеңес төрағасы қызметін атқарған Ахметжан Жұмағалиевке ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хат пен естелік сыйлық және гүл шоғын табыс етті.
Өз кезегінде Ахметжан Сарыұлы кеңес мүшелеріне ауданның дамуы жолындағы жұмыстарды одан әрі жандандыруды тіледі.
Одан өзге, жиын барысында жаңадан бекітілген аудандық қоғамдық кеңестің мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Ерғазы Жоламанов аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды.
Ботакөз Асхатқызы
Сурет автордікі