Республика күніне орай ауданда «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық сенбілік акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты - ел халқын өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға біріктіру. Осындай іс-шараларға табиғатқа жанашыр ұрпақты тарту жұртшылық арасында экологиялық сананы арттыруға, осындай экологиялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.
Мақат кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен акцияға барлық мекемелер мен кәсіпорындар, мектептер және балабақша ұжымдары қатысып, өз ғимараттары ауласына көшеттер отырғызды.
Сондай-ақ кенттегі Азаттық көшесінде орналасқан спорттық ойын алаңшасының жиегіне аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Абуов және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен 150 көшет отырғызылып, тал егу жұмысы ұйымшылдықпен өтті. Жалпы акция аясында аудан орталығына 270 түп қараағаш көшеттері егілді.
Жалпыұлттық сембілікке бәйгетөбеліктер де біркісідей атсалысты. Бәйгетөбе ауылдық округ әкімдігі аппараты және Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені ұжымы мектеп ауласына 100 түп ағаш көшетін отырғызды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА