«AMANAT» партиясы облыстық филиалында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараны ашқан облыстық партия филиалының төрағасы Абдолла Идресов қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады.
«Ұлытауда өткен құрылтайда Мемлекет басшысы осы атаулы мерекені қайта жаңғыртты. Тарихи ақиқат қалпына келді. Дәл осы күні Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған мемлекеттік Егемендік туралы декларация қабылданды. Міне, бүгінгі таңда Республика күні ұлтымыздың ынтымағын, халқымыздың береке-бірлігін паш ететін игі дәстүрге айналып отыр», - деді ол.
Шара барысында «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың жарлығымен бірқатар азаматтарды «Белсенді қызметі үшін» партиялық наградасымен марапаттады. Олардың қатарында аудандық партия филиалының төрағасы Әсел Қаржауова бар.
Әсел Шайзадақызы 2020 жылдан бері партияда абыройлы қызмет атқарып келеді. Еңбегі елеңген ол алдағы уақытта да партияның өркендеуіне өз үлесін қоспақ.
Өз тілшіміз