Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан жастарының қатысуымен «VELOЖАРЫС» атты велошеру ұйымдастырылды.
Аталған спорттық шараны аудандық Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып, белсенді жастардың басын қосты.
Аудан жастары бұл шара арқылы тек жарыс қана емес, табиғатты аялау, салауатты өмір салтын ұстану, қоғам белсенділігі сынды құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті. Шара таңертеңгі уақытта орталық алаң – тікұшақ айлағынан бастау алды.
Қатысушылар аудан көшелерімен белгіленген бағыт бойынша жарысып, салауатты өмір салтын насихаттап, экологиялық мәдениеттің артуына үн қосты. Веложарысқа жасөспірімдер мен жастардан бөлек, белсенді тұрғындар да қатысып, қоғамдағы экологиялық сананың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Жарыс сызығын ең алғашқы болып 36 жастағы Ерлан Жұпаров кесіп өтті.
Жеңімпаздарды аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Аманжол Сағынғалиев марапаттап, үздік қатысушыларға арнайы диплом мен медаль табыстады.
Ж.Қамза
Суреттер автордікі