Бүгін облыстық “Мүгедектігі бар жандардың қоғамы” қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалында “NCOC” компаниясының демеушілігі негізінде мүмкіндігі шектеулі жандарды тегін оқытуға арналған оқыту кабинеттеріне қажетті құрал-жабдықтарды табыстау шарасы өтті.
Табыстау шарасына аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова, “NCOC” компаниясының өкілдері мен аудан ардагерлері қатысты.
Шара аясында аталған орталықтың мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытуға арналған “Тігін”, “Компютерлік оқыту” сыныптары мен “Мүгедектер арбасын жөндеу” кабинеттеріне NCOC компаниясының “Шұғыла” демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы аясында тұрмыстық және кәсіби тігін машиналар және компютерлік құрал-жабдықтар, сонымен қатар мүгедектер арбасын жөндеуге арналған машиналар табыс етілді.
Одан әрі, шараға қатысушылар аталған орталықты аралап, атқаратын қызметімен танысты.
Шара соңында, аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова “NCOC” компаниясының ұжымына ризашылығын білдіріп, орталық жұмысының одан әрі жандануын тіледі.
Ботакөз Асхатқызы
суреттер автордікі