Бүгін аудан орталығында тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбіліктің басты мақсаты – аудан аумағындағы санитарлық жағдайды жақсарту, экологиялық сауаттылықты арттыру және қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Аталмыш шараға ауданға қарасты барлық мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері белсенді түрде қатысты.
Қатысушылар тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындар мен көшелерді артық қоқыстардан тазартты.
Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Ә.ҚАСЫМ