Бүгін ауданда «Әлеуметтік кеңсе» ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Мәмбетов аталған кеңсе – аудан тұрғындарының тұрмыстық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру мәселелері бойынша сапалы қызмет алуына мүмкіндік беретін маңызды бастама екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, бұл жоба – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы нақты қадамдардың бірі екендігін атап өтті.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев құттықтау сөз сөйлеп, әлеуметтік кеңсенің ашылуы — бұл жергілікті халыққа сапалы қызмет көрсету және олардың өмірін жақсарту үшін үлкен қадам екендігін жеткізіп, бұл халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретіндігін айтты.
Әрі қарай аудан тұрғындарын қуанышқа бөлеген ғимараттың салтанатты түрде лентасын қию рәсімі облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабит Сүлейменұлына жолданды.
Ашылу салтанатынан соң облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы ғимарат ішінде орналасқан еңбек мобильді орталығы, Отбасын қолдау орталығы мен Отбасы банк және коммуналдық сала мекеме кабинеттерін аралады.
Одан әрі аудан әкімі Азамат Мәмбетов пен Атырау облысы Әділет департаментінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, шара соңында «Әлеуметтік кеңсе» орталығының маңына ағаш көшеттері отырғызылды.
Ә.Қасым