Бүгін Жеңіс саябағында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған қой қырқудан аудандық жарыс өтті.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин атаулы мерекемен құттықтап, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Шараның басты мақсаты — ата кәсіпті жалғастырып жүрген еңбекқор азаматтардың еңбегін елеу, жастарды еңбекке баулу және шеберлікпен қой қырқудың әдіс-тәсілдерін көрсету болды.
Көпшілік жиылған сайыста қатысушылар өз шеберліктерін паш етіп, қой қырқудың жылдамдығы мен тазалығы бойынша бақ сынасты.
Жарысқа 10 қатысушы қатысты.
Тартысты жарыстың нәтижесінде I орынды Аңсарбек Жалел, II орынды Қыдырбай Отарәлиев, III орынды Ақылбек Кенжиев жеңіп алып, аудан әкімінің дипломы мен ақшалай сыйлығына ие болды.
Сондай-ақ жарысқа қатысушылар да арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Ж.Қамза