Адамзат тарихындағы ең ұлы әрі қасиетті мерекелердің бірі – 9 Мамыр - Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарлары аудандағы еңбегі ерен тыл ардегерлерінің үйіне барып, құрмет көрсетті.
Аудан әкімі Азамат Саматұлы еңбек майданында бейбіт өмір сыйлаған ата-әжелеріміздің ерлігі бүгінгі ұрпаққа өнеге екендігін, олардың тынбай жасаған еңбектері ешқашан ұмытылайтындығын айтып, арнайы сыйлықтарын табыс етті.
Тыл ардагерлері де зұлмат жылдарды еске алып, қазіргі бейбіт заманның қадірін бағалауға шақырды.
Сондай-ақ, көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
"MТ"