МАҚАТ АУДАНЫ “АТЫРАУ ЭТНО-FEST” ФЕСТИВАЛІНДЕ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

(0 Votes)

Атырау қаласында 29-30 мамыр күндері өткен «Атырау ЭТНО–FEST» этномәдени фестивалінде Мақат ауданы жүлделі І орынды иеленді.

Өңірлер арасындағы достықты, мәдени байланысты арттырып, жергілікті өнерпаздардың шығармашылығын кеңінен насихаттау, сондай-ақ қазақтың ұлттық өнері мен дәстүрін жаңғыртып, жас ұрпаққа үлгі етуді мақсат еткен фестивальге облысқа қарасты 7 аудан белсене қатысты.

Әр аудан өз ерекшеліктерін, салт-дәстүрі мен өнерін көпшілікке таныстырып, этноауыл түрінде безендірілген көрмелер мен сахналық қойылымдар ұсынды.

Мақаттықтар да өздерінің ұлттық киімдерімен ерекшеленіп, тарихи тұрмыс-салт бұйымдары қойылған экспозицияны көпшілік назарына ұсынып, домбырамен орындалған күйлер мен қазақы нақыштағы хореографиялық билер көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Сондай-ақ, этнофестивальде жасанды интеллект рөлін ойнаған әртістер көрермендерге ауданнан шыққан ұлы тұлғалар туралы тарихи деректер мен ақпараттарды ұсынуы көпшілік көңілінен шықты.

Фестивальдің екінші күні 7 аудан мен Атырау қаласының көркем өнерпаздары гала концерт қойып, өз өнерлерін ортаға салды.

Екі күнге созылған этно фестивальдің нәтижесінде Мақат ауданы жүлделі I орынды жеңіп алып, 3 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Фестиваль соңында Мақат ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әсел Қаржауова мақаттықтарды айтулы жеңіспен құттықтап, аудан өнерпаздарына алғысын білдірді.

Бұл жеңіс – ауданымыздың рухани байлығының, бірлігінің және мәдени ұстанымының жарқын көрінісі.

Ж.Қамза

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT