Ауданда дәрігерлер ерекше балалардың ата-аналарына кеңес берді

(0 Votes)

Бүгін, 27 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-сінің  ұйымдастырыуымен «Атырау облысындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында ҮЕҰ өкілдерімен іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті. Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары А.Шаңғалаев, Азаматтық орталық директоры Ж.Зәкиқызы  және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Екі кезең бойынша ұйымдастырылған кездесуде облыстық ҮЕҰ өкілдерінің таныстырылымы және «ҮЕҰ-Бизнес-Мемлекет» және «Soft Skils және жобалық ойлау» тақырыптарында ҮЕҰ өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға эдьютон моделімен семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде түрлі қиындық пен жобаларды қалай дамыту қажеттігі туралы мәліметтер алды.

img_4624

«Кездесудің мақсаты – түрлі саладағы үкіметтік емес ұйымдардың басын қосу жас кәсіби ҮЕҰ-дарды қолдау, ашу және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ағымдағы жыл ішінде Қызылқоға, Жылыой, Индер аудандарына кездесу өткізілді. Онда Атырау облысындағы ҮЕҰ-дар аудандардағы ҮЕҰ-ға өз тәжірибелерімен бөлісті.  Осы күнге дейін аталмыш мамандар Қызылқоғада 25,Индер 35, Жылыойда 45 ерекше баланы қабылдап, кеңес берді»,- дейді Азаматтық орталық директорының орынбасары Ф.Шарапиденов.

img_4630

Ал, екінші «Ерекше балалар - қоғам назарында» бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балалар тәжірибелі мамандардан кеңес алды. Аудандық ауруханада өткен қабылдауда реабилитолог, деффектолог-логопед, педиатор, массажист мамандар 70-ке жуық ерекше балаларды қабылдап, олармен жұмыс жүргізді.

afkw2-7

_fl9gj1

-503956mm

«Мүмкіндігі шектеулі қызымды маманға қараттым. Өте жылы қабылдап, консультация берді.Түгел жағдайымен танысып, өз білгендерімен бөлісті. Осындай кеңес беріп, ауданға келгендері бізге үлкен көмек.  Білмейтініміздің барлығын айтып, бізге үлкен жол көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта да ұйымдастырылса деген ниетіміз бар. Себебі  біздің білмейтініміз көп»,- деді Доссор кентінен келген ата-ана М.Бағытжанұлы.

Мамандар келесі жылы ауданнан ерекше балалар үшін атпен емдеу орталығын ашқысы келетінін жеткізді. Оған тек жергілікті биліктің қолдауы қажет.

Мөлдір Ізтұрғанова

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT