«ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АРНАЙЫ ТОП БӘЙГЕТӨБЕДЕ БОЛДЫ

(0 Votes)

Бүгін, 28 қазан күні Атырау облысының прокуроры мен облыс әкімінің бірлескен өкіміне сәйкес «Заң керуені» акциясы аясында арнайы топ Бәйгетөбе ауылдық округінде болды.

Бәйгетөбе ауылдық округі ғимаратында ұйымдастырылған акцияға қатысқан тұрғындардың қарасы көп болды.

__xx-

Акция барысында бірқатар ведомстволардың: прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, экономикалық тергеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экология, мемлекеттік кірістер департаменті, еңбек инспекциясы, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлерінен құралған мобильді топ өкілдері тұрғындардың сауалдарын тыңдап, тұшымды жауабын берді.

hhdd

Айта кетейік, 20 қазан күні басталған аталмыш акция осы уақытқа дейін Құрманғазы және Исатай аудандарында өтсе, 10 қарашаға дейін барлық аудан, қаладағы елді мекендерді қамтитын болады.

 

Өз тілшіміз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT