Аудан әлеуеті өсуде

(0 Votes)

Ауданымыздағы халық саны ағымдағы жылғы 1 қарашаға 30345 адамды құрады, жыл басымен салыстырғанда 170 адамға көбейіп отыр.

Биылғы жылғы қаңтар-қазанда дүниеге келген сәбилер саны 612 құрады. Ал ауданда биыл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрап отыр. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда ет 100,8 пайыз, сүт 100,2 пайыз, жұмыртқа 100,4 пайыз көрсеткішке ие.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі биылғы жылғы қаңтар-қазан айларына 9514 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 142,0 пайызды құраса, халық қаражаты есебінен қаңтар-қазан айларында салынған пәтерлердің жалпы шаршы метр 12417 болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 94,2 пайызды құрап отыр. Көші-қон мәселесіне тоқталсақ, осы жылы қаңтар-қазанда ауданға келушілер саны 453 адамды құрап отыр.

А.НҰРЖАНОВ,

аудандық статистика басқармасының жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521