Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

(1 Vote)

Аудан әкімі Шәкір Кейкиннің  2020 жылғы 18 тамыздағы №170-ө өкіміне сәйкес Азамат Жәмшебайұлы Шаңғалаев аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшыны аудан әкімі аппаратының мәжілісінде аудан басшысы Шәкір Кейкінұлы ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Шараға аудандағы сала басшылары мен аппарат қызметкерлері қатысып, құттықтау сөзін жеткізді.

Жаңа қызметке тағайындалған Азамат Жәмшебайұлы сенім артқан елге сіңімді еңбек ететінін айтты.

Азамат Шаңғалаев 1980 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2004 жылы Алматы қаласындағы Қазақ экономикалық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын алғаш 2001 жылы Мақат ауданы бойынша салық комитетінде маман болып бастаған.

2009 жылы Доссор кенті әкімінің орынбасары, 2010 жылы Мақат ауданы бойынша салық басқармасының  бөлім басшысы, 2011 жылы Мақат аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, 2013 жылы Мақат аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Отбасылы

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521