Үлкендерге – қамқор, кішіге – ізетті болар кезең

(0 Votes)

Аптаның басында елімізде, облысымызда, ауданымызда жағдайдың тұрақтанып қалғандығына қатысты карантин талаптары жеңілдеп отыр.

Иә, бұл күнге де жеткенімізге қуанамыз. Облыс, аудан көлемінде алынған шұғыл да қосымша шаралардың нәтижесінде шілде айының ортасынан бастап ауру көрсеткіштерінің біртіндеп төмендегенін ақпарат құралдарынан естіп қуанып қалып жатырмыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жасағаны мәлім. Онда пандемия кез келген саланың жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізді. Осы ретте еріктілер, аудан әкімдігі, жергілікті мәслихат депутаттары ел басына күн туып, ер сыналар кезде халық арасынан табылып, өз көмектерін ұсынды. Олар неше түрлі деңгейдегі қайырымдылық акцияларына белсенді түрде қатысуда.

Осы жағдайға байланысты кейінгі ұрпақ жастарымызға айтарымыз аңғарымды, мейірімді, қайырымды, үлкендерге қамқор болуы керек. Қай уақытта да, өсіріп жеткізген ата-аналарыңды ойдан шығармай, солардың өмірінің қауіпсіздігін сақтауға, көңіл-күйлерінің жайдары болуын бірінші кезекке қойғандарыңыз абзал. Ата-аналарыңды осы бір кезеңнен аман-есен өткізіп жіберу сіздерге үлкен жауапкершілік міндеттейді. Кез келген жерде жасы ұлғайған адамдарға қамқорлық көрсетуді міндеттеріңе алыңдар дегім келеді. Бүгінгі күн-ұлдан ұлағат, қыздан-инабат күтіп, үлкендерге қамқор,кішіге ізетті болатын кезең.

Карантин жеңілдетілгенмен, барлық халық бірдей әлі де құлан таза аурудан айығып кете қойған жоқ, Сондықтан талаптарды сақтаған жөн.

Ш.Ишанғалиев,

ардагер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT